Халықаралық тілдің жалпы оқулығы

 

а) Әліппе

A a   B b   C c    Ĉ ĉ    D d    E e    F f   

G g   Ĝ ĝ   H h   Ĥ ĥ    I i      J j     Ĵ ĵ    

K k   L l   M m   N n   O o    P p    R r   

S s    Ŝ ŝ    T t     U u    Ŭ ŭ    V v    Z z

ә) Сөз таптары

   1. Эсперантода la - деген белгілі ғана артикль бар.

   2. Зат есім әрқашан –о - ға аяқталады. Зат есімнің көптік жалғауы: -j. Зат есімнің екі  септігі бар: атау мен табыс; табыс септік  -n жалғауы арқылы жасалады.Көмекші есімдер  басқа септіктердің ұғымын білдіреді(ілік септік de, барыс септік al, көмектес септікkun). Мысалы: Patro -әке, patron - әкені,  de patro - әкенің,  al patro -  әкеге,  patrojn - әкелерді.

   3. Сын есім  әрқашан –а - ға аяқталады. Зат есім септіктерінің мен көптік түрінің жалғаулары бар. Салыстырмалы шырай pli деген сөз арқылы жасалады, күшейтпелі  шырай plej деген сөз арқылы жасалады. Мысалы: pli blanka ol nego  - қардай аппақ , mi havas la plej bonan patrinon менің ең жақсы шешем бар.

   4. Сан есім. Есептік сан есім септелмейді: unu - бір , du - екі , tri -үш , kvarтөрт, kvin - бес, ses - алты, sep - жеті, ok - сегіз, naŭ - тоғыз, dek – он, cent - жүз, milмың.  Ондықтар мен жүздіктар сан есімдердің жәй қосылуымен жасалады. Реттік сан есімдері -сын есімнің жалғауы арқылы жасалады. Көбейткіш obl- деген жұрнақ арқылы, бөлшектік on, жинақтық -op, бөлгіш po деген сөз арқылы жасалады. Мысалы: kvincent tridek tri = 533, kvaraтөртінші, unuo - бірлік, due - екіншіден, trioblaүш есе , duope - екеу, po kvin – бес бестен

   5. Есімдік. Жіктеу есімдіктер: mi - мен, vi - сен, Сіз, сендер, li -  ол , ŝi - ол, ĝi - ол, ni - біз, ili - олар, oniбелгісіздік есімдік. Өздік есімдіктер сын есімнің a- деген жалғауы арқылы жасалады. Есімдіктер зат есімдер сияқты септеледі. Мысалы: min - мені, miaменің.

   6. Етістік жіктелмейді, көпше түрі болмайды. Мысалы: mi faras -  мен істеп жатырмын, la patro faras -  әкем істеп жатыр, ni faras -  біз істеп жатырмыз.
Осы шақ -as жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: mi faras мен істеп жатырмын
Өткен шақтың жалғауы - is. Мысалы :li faris -  ол істеді.
Келер шақos жалғауы арқылы жасалады. Мысалы:  li faros - ол істейді.
Шартты райдың жалғауы - us . Мысалы: li farus -  ол істесе.
Бұйрық райдың жалғауы - u: Мысалы: faru -  істе, істеңіз
Тұйық етістік – I жалғауы арқылы жасалады. Мысалы: fari -  істеу.
Есімше мен көсемше:
Осы шақтың жалғауы - ant  Мысалы: faranta - істейтін,faranteістеп.
Өткен шақтың жалғауыint.  Мысалы:farinta - істеген.
Келер шақтың жалғауы  - ont. Мысалы:faronta - істегелі
Ырықсыз етістің осы шағыat жалғауы арқылы жасалады Мысалы:farata -  істелетін.
Ырықсыз етістің  өткен шағыit жалғауы арқылы жасалады . Мысалы: farita - істелген.
Ырықсыз етістің  келер шағыot жалғауы арқылы жасалады . Мысалы: farota - істелер.
Ырықсыз етістің әр түрлері est- деген етістік және ырықсыз етіс осы шағының есімшесі арқылы жасалады. Мысалы: ŝi est/as am/at/a de ĉiuj – ол бәрі адамдармен жақсы кәрінеді.

   7. Үстеу e - ге аяқталады. Үстеу шырайларының  жалғаулары сын есімдей. Мысалы:  Mia frato pli bone kantas  ol mi - Менің ағам менен жақсырақ ән салады.

   8.  Көмекші есімдер зат есімнің, есімдіктің атау септік түрімен қолданады.

б)  Жалпы ережелер.

1. Әрбір сөзді жазылғандай оқу керек..

2. Екпін әрқашан  соңғы   буын алдына қойылады

3.  Туынды сөздер  сөздердің жай қосылуымен жасалады (басты сөз соңында жазылады). Сөздер бірге жазылады, сызықшамен бір-бірінен бөлінеді. Грамматикалық жалғаулар сөз таптарыдай  да қолданылады.  (Мысалы: vapor`ŝip`o пароход -- vapor  бу, ŝip  кеме, o  зат есімнің жалғауы).

4. Болымсыз сөздермен бірге ne демеулігі пайдалануға болмайды  (Мысалы: mi neniam vidis мен әрқашан көрмедім).

5. «Қайда» (барыс септік) сұраққа жауап беретін сөздерге табыс септіктің жалғаулары қосылады  ( Мысалы: tie онда   -- tien әрі қарай ; Varsovion Варшаваға).

6. Әрбір септеуліктің   белгілі  тұрақты мағынасы бар.  Егер септеулікті қолдану керек, ал тура мағынасы бойынша қандай білмесең,  je септеулігі пайдалану қажет. Je септеуліктің тұрақты мағынасы жоқ.(Мысалы ĝoji je tio осыған қуану; enuo je la patrujo отанға сағыну. Je септеуліктің орнына септеуліксіз табыс септікті пайдалануға болады. 

7. «Шетел» немесе «халықаралық» сөздер (тілдердің көбіне жалғыз жат тілінен еңген) халықаралық тілінде өзгеріссіз пайдаланады. Олардың да халықаралық емлесі бар. Әр түрлі түбірлі сөздерде негізгі сөзді өзгеріссіз жазып,  басқа да түбірлі сөздерді халықаралық ережелері бойынша жасау керек. (Мысалы: ұлт -- nacio, но ұлттық -- nacia).

8. Зат есімнің  жалғауларының орнына апострофты қоюға болады. (Мысалы: Ŝiller' Ŝillero орнына; de l'mondo  de la mondo орнына).

Hosted by uCoz