Эсперанто халықаралық тілі

үшін қозғалыстың манифесті

 

Біз, Эсперантоны жетілдіру қозғалысының мүшелері, осы манифестті барлық үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және мейрімді еркі бар адамдарға бағыттаймыз, төменде жарияланған мақсаттарға сай әрі қарай тайсалмай әрекет етуді жариялаймыз және әр ұйым мен адамды біздің әрекетімізге қосылуға шақырамыз.

 

1887 ж. халықаралық қарым-қатынасы үшін қосалқы тіл жобасы ретінде басталған және тез арада өміршең әрі айшықты тілге айналған Эсперанто жүз жылдан астам тіл және мәдениет кедергілерден асып адамдарды біріктіріп келе жатыр. Осы уақыт ішінде Эсперанто қолдаушыларының мақсаттары өз мәні мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Біздің санауымызша бірнеше ұлттық тілдердің дүние жүзі бойынша қолданылуы да, байланыс техникасындағы жетістіктер де, шет тілдерді оқытудың жаңа әдістерінің пайда болуы да әділ және тиімді тіл үлгісінің негіз қалаушы келесі принциптерін жүзеге асыра алмады:

 

1. Демократия

 

Біреулерге өмір бойы артықшылықтар қамтамасыз ететін, ал басқалардан кем дәрежеде мүмкіндіктерге жету үшін жылдар бойы жігер қолдауын талап ететін қарым-қатынас жүйесі негізінде демократиялық емес. Кез келген басқа тіл сияқты  Эсперанто да кәміл емес болғанымен, ол барлық бәсекелестерінен тең құқықты халықаралық қарым-қатынасты айтарлықтай озық.

Біз тіл теңсіздігі барлық деңгейлерде, халықаралық деңгейін қосқанда,  қарым-қатынас теңсіздігін қоздырады деп есептейміз. Біз – демократиялық қарым-қатынас үшін қозғалыспыз.

 

2. Ұлттық деңгейден жоғары тәрбие

Әр ұлттық тіл белгілі бір мәдениет пен халыққа (халықтарға) байланған. Мысалы, ағылшын тілін үйренетін мектеп оқушысы ағылшын тілді елдердің, әсіресе АҚШ пен Британияның, мәдениеті, географиясы және саясатынан да білім алады. Эсперанто тілін үйренетін мектеп оқушысы әр ел туған үйі болып елестетіледі, ол шексіз әлем туралы білім алады.

Біз кез келеген ұлттық тіл арқылы тәрбие беру белгілі бір дүние көзқарасына байланысты деп есептейміз. Біз – ұлттық шегінен тыс тәрбие үшін қозғалыспыз.

 

3. Педагогикалық тиімділік.

Шет тілін оқитындардың тек азғантай проценті ғана оны игереді. Эсперантоны толық игеру өзімен-өзі оқығанда да мүмкін. Әртүрлі зерттеулер оның басқа тілдерді игеру үшін пропевдевтикалық маңызын көрсетті. Сонымен қатар Эсперанто оқушылардың тіл санасын дамыту үшін де ұсынылады.

Біз, ұлттық тілдердің күрделілігі әрқашан да екінші тілді игеруден пайда ала алатын көптеген оқушылар үшін кедергі болып тұрады, деп есептейміз. Біз – тілді тиімді оқыту үшін қозғалыспыз.

 

4. Көптілділік.

Эсперанто қоғамдастығы – мүшелері дерлік екі- немесе көптілді болып табылатын дүниежүзілік тіл қоғамдастықтарының бірі болып табылады. Оның әр мүшесі өз туған тілімен қатар ең болмағанда тағы бір тілді сөйлеу деңгейінде игеру мақсатын қойды. Бұл көптеген жағдайда көп тілдерді білуге және оларды сүюге, сонымен қатар жалпы алғанда өз ой-өрісін кеңейтуге әкеледі.

Біз әртүрлі, үлкен және кіші, тілдерде сөйлейтін барлық адамдар екінші тілді қарым-қатынастың жоғары деңгейінде игерудің нақты мүмкіндігіне ие болу керек деп есептейміз. Біз – осы мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін қозғалыспыз.

 

5. Тіл құқықтары.

Тілдер арасындағы билік теңсіздігі – дүние жүзінің халқы үшін үнемі тіл қауіпсіздігінің жоғы немесе тікелей тіл қысымының көзі болып табылады. Эсперанто қоғамдастығында, мәмілеге өзара ұмтылуға орай, үлкен және кіші тілдерде сөйлейтін адамдардар бейтарап негізде қатынасады. Тіл құқықытары мен міндеттері арасындағы осындай тепетеңдік тіл теңсіздіктері мен тіл жанжалдарын шешудің басқа шешімдерін дамыту мен қайта бағалау үшін прецендент қоздырды.

Біз, тілдер арасындағы зор мүмкіндік айырмашылықтары көптеген халықаралық құжаттарда жарияланған тілге қарамастан тең құқық кепілдіктерін бұзады деп есептейміз. Біз – тіл құқықтары үшін қозғалыспыз.

 

6. Тілдер алуан түрлілігі

Ұлттық үкіметтер дүние жүзіндегі тілдердің алуан түрлілігін қарым-қатынас пен даму жолындағы кедергі деп қарастыруға бейім. Ал Эсперанто қоғамдастығы үшін тілдердің алуан түрлілігі байлықтың тұрақты әрі ажырағасыз көзі болып табылады. Осыған орай, әр тіл, табиғаттағы тірі түр сияқты да, өзінен өзі құнды және қорғау мен қолдауға лайықты.

Біз, коммуникация және даму саясаты барлық тілдерді сыйлау және қолдауға негізделген болмаса, ол дүние жүзі тілдерінің көбінің жоғалуына жол береді деп есептейміз. Біз – тілдердің алуан түрлілігі үшін қозғалыспыз.

 

7. Адамға еркіндік беру

Әр тіл оны қолданушыларына өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беріп, ал басқалармен қатынасуға кедергі жасап, оларды еркін етеді де, еркінсіз да етеді. Қарым-қатынастың әмбебап құралы деп жоспарланған Эсперанто тілі адамды еркін етудің нақты істейтін ірі жобалардың бірі болып табылады, бұл жоба әр адамға адамзат қауымдастығына жеке тұлға ретінде, өз жергілікті мәдениеті мен тіл барабарлығын сақтап алып, бірақ олармен шектелмей қатысуға мүмкіндік береді.

Біз, тек қана ұлттық тілдерді қолдану кез келген жағдайда өзін-өзі  білдіруге, қарым-қатынасқа және қызметтестік бостандығына кедергілер қояды деп есептейміз. Біз – адам еркіндігі үшін қозғалыспыз.

 

Прага, 1996 ж. шілде айы



Hosted by uCoz